Төтенше жағдай 29 Қаңтар, 2025

Оралда кісінің басына кірпіш құлап, қайтыс болды

135 рет
көрсетілді

Оралда көшеде кетіп бара жатқан тұрғынның басына кірпіш құлап, жедел-жәрдем келгенше жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс оқиға Әлия Молдағұлова көшесінде болды. Жазатайым оқиғадан мерт болған адам 1956 жылы туған. Қазір Қылмыстық Кодекстің 277-бабы, 2-бөлігі, яғни құрылыс жұмыстарында қауiпсiздiк ережелерінің бұзылуынан адам өлiмiне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұржан Қуанғали, полиция департаментінің ресми өкілі:

«29 қаңтар күні Орал қаласындағы Жуков көшесі, 14 мекен-жайында салынып жатқан 9 қабатты үйдің маңында кірпіш құлау оқиғасы тіркелді. Яғни өтіп бара жатқан ер адамның басына кірпіш құлаған. Қазіргі уақытта  аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», дейді полиция департаменті өкілі Нұржан Қуанғали.