Әлем 29 Қаңтар, 2025

Мигранттар Трампқа қарсы шеруге шықты

48 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Оклахома қаласында бір топ азамат президент Дональд Трамптың мигранттарды депортациялау шешіміне қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиналғандар наразылық шарасын Оклахома штатының білім басқармасының алдында өткізген. Өйткені келімсектерді анықтау тексерістері мектептерде де жүргізіле бастады.

Ереуілшілер «Мектеп депортацияға емес, білім алуға арналған» деген ұран сөздерді жазып шыққан. 

Айта кетейік, бұл аймақта көбіне испан тіліндегі мигранттар тұрады. Олар Гватемала, Мексика мен Венесуэладан бас сауғалап келгендер.

Жергілікті биліктің мәліметінше, құрама штаттарда 11 миллион азамат құжатсыз жүр.