Әлем 30 Қаңтар, 2025

АҚШ-та заңсыз жүрген 369 қазақстандық елден шығарылады

126 рет
көрсетілді

АҚШ билігі азаматтары заңсыз мигранттар ретінде елден шығарылатын мемлекеттердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Fox News мәліметі бойынша, құжатта көрсетілген 1,5 миллион заңсыз иммигранттың ішінен 369 Қазақстан азаматы, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының 337 азаматынан елден шығарылады. Тізімде Қазақстанмен көршілес мемлекеттер – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей және Қытайдың азаматтары бар.

Иммиграция және кедендік бақылау қызметі бұл тізімге депортациялау туралы түпкілікті шешім шығарылған заңсыз иммигранттар кіргенін нақтылады.

Бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі осы елдің аумағындағы қазақстандықтарды көші-қон саясатының қатаңдайтыны туралы ескерткен еді.