Дүбірлі дода – Доха (Қатар) қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үстел теннисінен WTT Youth Contender Doha турнирінде Назерке Болатбек төрт матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Сөйтіп Қазақстан құрамасының спортшысы 11 жасқа дейінгілер арасында алтыннан алқа тақты.