ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратура үйлестіруімен Қызылорда облысында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өз үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы азаматты ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Сырдария ауданының тұрғыны есірткіні таратуды да көздепті.
Фитозертханадан жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 10 кг қарасора табылған. Сондай-ақ тінту кезінде ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған түрлі жабдық тәркіленген.
Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті.