• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Қаңтар, 2025

Банк тонаған қылмыстық топ ұсталды (видео)

73 рет
көрсетілді

Астана полициясы ұсталғандардың бұрын бірнеше рет сотты болғандарын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыстық топқа бірқатар ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. 

«Күдіктілер қорқыту және зорлық-зомбылық жасап жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлігін иемденген. Тағы бірде банктің іргелес аумағынан 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен», делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынған. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты бар-жоғы анықталады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар