Алматы 31 Қаңтар, 2025

ЕАЭО-ны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

73 рет
көрсетілді

31 қаңтарда Алматыда  Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Әлішеровтың қатысуымен одаққа мүше елдердің министрлерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлер өзара іс-қимыл форматтарын, сондай-ақ ЕАЭО-ны дамытудың өзекті және проблемалық мәселелерін талқылады.

Эльдар Әлішеров әріптестерін Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындаудың алдын ала қорытындылары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, Одақ елдері Комиссиямен бірлесіп жоспарланған іс-шаралардың 72%-ын жүзеге асырды.

«2025 жыл – осы стратегиялық құжатты іске асыру бойынша қорытынды жыл және біз экономикаларымыздың игілігі үшін барынша нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», деп атап өтті ЕЭК министрі. Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары Алеся Абраменко Беларусьтің ЕАЭО органдарындағы төрағалығы аясында жемісті интеграциялық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған алдағы жылға арналған қызметтің басым бағыттарын атап өтті. Олардың ішінде технологиялық әлеует пен импортты алмастыруды дамыту, өзара инвестицияларды ынталандыру, «жіксіз» көлік кеңістігін қалыптастыру, АӨК жетілдіру, атап айтқанда, селекция және тұқым шаруашылығы саласында, ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және электрондық сауданы дамытуды қоса алғанда, экономиканы цифрландыру.

Бұдан басқа, Одақ туралы шарт күшіне енген сәттен бастап ЕАЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халықтың хабардар болуын арттыру және комиссия елдермен бірлесіп тиісті ақпараттық материалдарды дайындау мәселелері қаралды.