• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2010

ЖАҢА ТУЫНДЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

444 рет
көрсетілді

“Обыкновенный феномен” атты деректі фильм­нің тұсаукесері болып, елордалықтарға оның алғаш көрсетілімі ұсынылды. “Асыл-мұра” кинокомпания­сы шығарған бұл туынды көпэтносты мемлекетіміз­дің тыныштығы мен ұлттар арасындағы татулықты баяндап қана қоймай, еліміздің көк туын биікте желбіреткен Олимпиада жеңімпаздары мен жүлде­герлері, спортшыларымыз туралы әңгімелейді. Олардың үлкен жеңістерге жеткен сәттері, спорт жолындағы жетістіктері жайында сыр шертеді. Грек-рим күресінен КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Олимпия ойындарында бірнеше рет жүлдегер болған Дәулет Тұрлыханов және бокс­тан танымал бапкер Александр Апачин­ский сияқты қа­зақ спортында еңбектері сіңген тұлға­лардың арқа­сында фильмнің негізгі идеясы жолға салынған екен. Және де Валерий Рязанцев, Ермахан Ыбырайымов, Юрий Мель­ниченко, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Александр Парыгин, Илья Ильин, Ва­си­лий Жиров, Әлия Жүсіпова, Ольга Шишигина, тағы да басқа спорт­шыларымыз фильмнің не­гізгі өзегін ашқан басты кейіпкерлері көрінеді. Заманға сай тех­но­логиялармен түсірілген фильм көптеген теле­ком­паниялардың бейне­қорларымен толықты­рылған. Фильмнің тұсаукесеріне басты кейіпкерлер де арнайы келіп қатысқан болатын. 50 минутқа созылған деректі фильм шынымен де әрбір жанның жүрегінде мақтаныш сезімін тудырып, спортшылардың қуанышты сәттерін көріп толқығаннан тіпті көздеріне жас келген көрермендер де болды. Фильмнен кейін басты кейіпкерлер мен “Асыл-мұра” кинокомпаниясының мүшелері ор­та­ға ша­қы­рылды. Аталған компания дирек­торы Жангелді Мол­дах­метов фильм түсіру кезінде материалдардың көп болғанын, мем­лекеттік архивтегі бейнеқорларды және Швей­цариядан арнайы алынған Олимпия ойында­рының бейне топтамасын қолданған­дарын айтты. Ал спорт­шылар фильм туралы жылы лебіздерін білдірді. Би-Болат СЕЙТАҚ, Еуразия ұлттық университетінің студенті.