Спорт 03 Ақпан, 2025

Қазақстан конькишісі әлем кубогінде күміс медаль иеленді

234 рет
көрсетілді

Конькимен жүгіруден Италияның Каллальбо қаласында Әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан конькишісі Алина Дауранова 500 метр қашықтықта мәре сызығын екінші болып кесіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Qazsporttv мәліметінше, бұған дейін Дауранова командалық спринтте және 1000 метр қашықтықта алтын медаль иеленген. Осылайша, ол бір жарыс аясында екі алтын және бір күміс медаль жеңіп, өзінің жоғары деңгейдегі спорттық шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, Алина Дауранова – коньки спортының жас жұлдыздарының бірі. Ол халықаралық ареналардағы жоғары нәтижелерімен жас спортшыларға үлгі көрсетіп келеді.