АСТАНА. 18 маусым. Қазақ күресі федерациясы ресми түрде спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрамына кірді. Бұл туралы конфедерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Конфедерацияның БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі қызметтің үйлестірушісі Жігер Әзбергеннің айтуынша, мамыр айында Қазақ күресі федерациясының есеп беру конференциясында конфедерацияның құрамына кіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді конфедерацияның жалпы жиналысында оның мүшелері бірауыздан құптады. Осылайша Қазақ күресі федерациясы конфедерацияның алтыншы мүшесі болып отыр.
Айта кетейік, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 2012 жылы құрылған болатын. Оның төрағасы Тимур Құлыбаев. Қазіргі таңда бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, дзюдо, таеквондо (WTF) және ауыр атлетика федерациялары ұйымның мүшелері.
Конфедерацияны құрудағы мақсат - үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпқой, кадрлық және қаржы ресурстарының басын біріктіру. Бес федерацияның басын біріктіріп отырған ұйымның міндеті: бұқаралық спортты дамыту, оларды кеңінен таныстыру, дене шынықтыру мен саламатты өмір салтын насихаттау.
Конфедерация сондай-ақ, әлем чемпионаттарында жеңіске жетуге қабілетті атлеттерді дайындау мәселелерін шешуде көп ресурстық шығынды және кешенді, жүйелік жұмысты талап ететін жоғары жетістіктер спортын дамытумен, дене шынықтыру мен саламатты өмір салтын насихаттау сияқты мәселелермен айналысады.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы.
Сурет: egemen.kz