Қысқы спорт 04 Ақпан, 2025

Отандық керлингшілердің дебюті сәтсіз аяқталды

66 рет
көрсетілді

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары аясында керлинг сайысы басталды, деп жазады Egemen.kz.

Аралас жұпта  ел намысын Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев қорғады. Жерлестеріміз Қытай құрамасына лайықты қауқар көрсете алмай, есе жіберді. Қорытынды есеп қарсыластардың пайдасына 5: 11 болып тіркелді. 

Осылайша, отандастарымыз керлингтегі дебютінде қытайлық Хан Ю мен Ванг Жюдан басымдығын байқата алмады. 

Бұған дейін ІХ қысқы Азия ойындары шеңберінде бүгін жарыс жолына шығатын отандастарымыздың тізімін жариялаған едік.