Тағайындау 04 Ақпан, 2025

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

108 рет
көрсетілді

Аталған лауазымды қызметке Абзал Мәулетханов кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абзал Асқарұлы Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде және Alikhan Bokeikhan University-де білім алған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 8 жыл. Әр жылдары Зайсан, Алтай, Үржар, Глубокое аудандарында қызмет етті. Өскемен қаласының қаржы бөлімін басқарды.

Соңғы еңбек еткен орны – Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.