АСТАНА. 18 маусым. Калифорния штатындағы белгілі ресторандардың бірінде тұтынушы KFC – дің тез әзірленетін тағамына тапсырыс жасаған. Алайда, аспазшы оған кәдімгі тышқан қуырып берген. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасаған 1news.az хабарлады.
Деворайз Диксон есімді тұтынушының айтуынша, ол тапсырыс берген тағамынан қуырылған тышқан етін көрген. Сосын қалта телефонын шығарып, суретке түсіріп, таспаға жазып алған. Сондай-ақ, Диксон facebook желісіне аталған сұмдық жайтты жариялапта қойған. Ол: « Мен бұл рестораннан мұндайды күтпедім. Қызметкерлерінің әрекеті туралы ресторан басшылығына шағым жасадым», – деп жазған.
Алайда, KFC желісінің жетекшілері The Mirror басылымына тергеу амалдарының аталған келеңсіз жайтқа байланысты ешқандай дәлел таппағанын айтты. Дегенмен, олар Диксон тапсырыс берген тамақтан табылған заттың нақты не екенін айтқан жоқ.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 1news.az.