• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2015

NASA Юпитердің жер серігінен өмір белгісін іздеуді қолға алды

413 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 маусым. Келесі онжылдықта АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Юпитердің ең атақты серігі – Еуропаға ұшатын құрылғы жібермек. Бұл туралы NASA-ның ресми сайтына сілтеме жасаған lifenews.ru хабарлады. Агенттік сайтының хабарлауынша, ғарыштың міндеті қарапайым, ол – ғаламшардан өмір белгісін іздеп табуға талпыну. Еуропа ғаламшарының басты ерекшелігі – оның беті көп шақырымдық мұз қабатымен жабылған. Ал, бұл қалың мұздың астында жердегіден екі есе үлкен шексіз мұхит созылып жатыр. Осы деректерге Галилео деп аталатын ауқымды зерттеу барысында қол жеткізілген еді. Аталған зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың 90-жылдары бастау алды. Судың тұзбен байытылғаны, түбінде тастың бар екендігі, толқыннан туар жылу мен қуаттың белгісі расталса, бұл мұхит қарапайым ағзалардың өмір сүруіне жарамды болуы әбден мүмкін. Келесі ғарыш тапсырмасы біраз уақыттан бері дайындалып келеді. Осыған орай зерттеу құрылғысы 2020-жылдары-ақ Юпитер серігіне жіберіледі деп күтілуде. Ғарыш құрылғысы ғаламшар бетіне 45 рет ұшырылады деп жоспарланып отыр. Ұшу кезінде құрылғы басқару орталығына сапалы фотосуреттер, сонымен қатар, беткі қабаттың құрылымы туралы мәліметтерді таратады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: lifenews.kz.