Таным 07 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Жүрексіз де өмір бар

781 рет
көрсетілді

Адам жүрексіз өмір сүре ала ма? Бұл сұраққа еш ойланбастан «жоқ» деп жауап береміз. Бірақ америкалық дәрігерлер медицинада бұрын-соңды болмаған жаңалық ашты.

Науқас Крейг Льюистің жүрегі тоқтап қалғанда, дәрігерлер оған жасанды қан айналым құрылғысын орнатады. Ең таңғаларлығы, Крейгтің жүрегі соқпаса да, қаны айналып, ағзасы қалыпты жұмысын жалғастырған. Ғылым осы арқылы жүрек  өмірдің жалғыз қозғаушысы емес екенін дәлелдеп отыр.