Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлағандай, іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС-нің директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шаралар қабылдамаған. 2024 жылы 4 сәуірде бөгет жарылып нәтижесінде Табантал, Қызылту, Бесқоспа ауылдарын су шайып, азаматтардың мүліктеріне және инфрақұрылымға зиян келген.
«Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-нің 254-бабымен (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге тыйым салумен, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды» делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.