• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2010

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ КҮНІ:

511 рет
көрсетілді

ҚМЭБИ-дің ынтымағы жарасқан ортасында отбасы мүшелерімен бірге 2010 жылғы 12 маусымда Ал­маты қаласында, ҚМЭБИ аума­ғында Бірінші курс студентінің күні – қабылдау емтихандарын сәтті тап­сырған студенттер мен олардың ата-аналарының институт әкімші­лігімен, оқытушыларымен және студент­те­рімен кездесуі бо­лып өтті. Қонақтар өздерінің бо­­лашақ альма-матерімен жақыны­рақ танысуға, студенттік өмірдің барлық қыр-сыры туралы білуге, сонымен қатар бо­ла­шақ курс­тас­тарымен бірге жан­­ға жай­лы уақыт өткізуге мүмкіндік алды. Бұл Қазақстандағы осындай си­­паттағы бірінші іс-шара. ҚМЭБИ-дің студенттік қалашы­ғының аума­ғында интерактивті ойындар, спорт жа­рыс­тары, өнер фестивалі және қазына іздеудің қызықты саяхаты өткізілді. Бақы­тымызға қарай, ауа райы да жақсы болды. Студенттер оқытушы­лар­мен биресми жағдайда әңгіме­лесіп, дәмді балмұздақ жеп, сабақ өтетін аудиториялармен та­нысты. “Бүгінгі күн бізді қатты қуа­нышқа кенелтті, өте көңілді бол­­ды, – деді ҚМЭБИ-дің бо­ла­шақ студенті Рау­шан, – мен нақ осында оқиты­ным­ды мақтан ете­мін. Қазір оқудың бас­талуын тағат­сыздана күтіп жүрмін”. “Біз жаңадан оқуға түскен сту­денттер оқу басталғанға дейін курс­­тастарымен танысып, жаңа достар тауып, оқып жүрген сту­денттермен және оқытушылармен әңгіме-дү­кен құруы үшін осы кездесуді ұйым­­дас­тырып отырмыз, – деді ҚМЭБИ-дің Студент­терді қабыл­дау, тіркеу және бітіртіп шығару жөніндегі деканы Ла­риса Савиц­кая, – бұл өткізіліп отырған іс-шара оқу бас­та­лар алдындағы олар­­дың қорқы­нышын сейіл­туге көмек­тесті деп ойлай­мын. Біз бә­рінің де сәтті өт­ке­ніне қуаныш­тымыз”. ҚМЭБИ ата-аналарды да ұмыт қалдырмай, оларға таяу жылдар­дың ішінде балала­рына жетекшілік жа­сап, олар­дың жоғары білікті ма­ман болып шығуына ат са­лы­са­тын адам­дармен әңгі­ме­лесу мүмкіндігін берді. Ата-аналар инс­ти­тут бас­шы­лы­ғымен және фа­куль­тет өкіл­де­рімен­ кездесу ба­­ры­сында халық­ара­лық ынты­мақ­тастық, ғылыми жұ­мыстарды ке­ңейту және халық­аралық оқыту­шылар құрамын тарту салала­рын­дағы ҚМЭБИ-дің жетіс­тіктері мен жоспарлары туралы егжей-тег­жейлі біле алды. “1998 жылы мен ҚМЭБИ-дің магистратурасын бітірдім. Содан бе­рі өзімнің алған әсерлерім әлі күн­ге дейін жадымда, осы жыл­дардың ішін­де өршімесе, басылған жоқ. Енді ме­нің қызым осы инс­ти­тутқа түседі, – деп қонақтардың бі­рі Жанат Тұр­ғы­нова өзінің пікі­рімен бөлісті, – және бүгінгі күн үш­ін үлкен рахмет айта­мын. ҚМЭБИ-дің өткізген көптеген ша­раларында болдым, оны ұйым­дас­­ты­рудың өзі үлкен әсер қал­ды­рады және білім деңгейі толы­ғы­мен сәйкес келетінін өз тәжіри­бемнен білемін”. Сонымен қатар Бірінші курс студентінің күні 26 маусым күні Ас­тана мен Шымкент қалаларын­да да өткізілмек. Бүгінгі таңда ҚМЭБИ – осындай тектес кезде­су­лерді өткізіп отырған Қазақ­стан­дағы алғашқы жо­ғары оқу орны. “Бұл ҚМЭБИ-дің – жай білім ошағы ғана емес, оның мә­дениет еке­нін тағы да дәлелдеп отыр! Яғни, ашық­тылыққа, айқын­дық­қа және тұтас­тыққа негізделген мә­де­ниет. Біздің студенттеріміз біздің бас­ты басым­дылығымыз бо­лып та­былады және бұл біздің атқар­ған бар­лық ісі­міз­­ден көрініс тап­қан”, – деді ҚМЭБИ президенті, доктор Чан Йан Бэнг. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.