Оқиға 10 Ақпан, 2025

Алматы облысында мешіт отқа оранды

174 рет
көрсетілді

Оқиға Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылында болған. Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпып, ғимарат ішіндегі жиһаз бен шаруашылық заттары жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқиға орнына дереу Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері мен төрт техникасы жөнелтілді. Ең жақын өрт сөндіру бекетіне дейінгі арақашықтық 22 шақырымды құрады. Жедел шаралардың көмегімен өрт 50 шаршы метр аумақта оқшауланып, сөндірілді», делінген хабарламада.

Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.