• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2010

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

455 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Шет ау­дандық прокурорының наразы­лығы бойынша көлікті мас күйінде жүр­гізген полиция қызметкері 2 жылға жүргізуші куәлігінен айы­рылды. Бұл туралы Шет ауданы­ның прокуроры Аманай Ысқақов хабарлады.Бұл іс өткен жылдың желтоқсан айынан бері созылып келеді, деп атап өтті аудан прокуроры. “2009 жылдың 5 желтоқсанында жол пат­рулі көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқан Қарағанды қалалық ІІБ Киров бөлімінің қызметкерін ұстаған еді. Аталмыш факт бой­ынша хаттама толтырылды. Құқық бұзушының ісі қарау үшін оның тұрғылықты жері бойынша Шет ауданының №2 аудандық сотына жіберіліп,  ол жақтан іс аудандық соттың шешімімен облыстық ІІД толықтырылып толтырылуы үшін жіберілді”, – деді А.Ысқақов. 2010 жылдың наурызында іс сот­қа қайтып келеді. Бірақ сот оқи­ға мерзімінің өтіп кетуіне сілтеме жа­сап, істі тоқтатып, құқық бұзу­шыны босатып жіберген. Шет ауданының прокуратурасы бұл қаулыны заңсыз деп танып, наразылық білдіреді. “ҚР ӘҚБК 69-бабына сәйкес құқық бұзушыны әкімшілік жауап­кершілікке тарту мерзімі өткен жоқ, оның ісін тоқтату негізсіз. Сондай-ақ, аудандық сот жүргізуші куәлігі тіркеліп тұрғанына қарамас­тан, құқық бұзушының жеке тұлғасын растайтын жеке куәлігі жоқ деген сылтаумен әкімшілік істі полицияға қайтарып жібереді”, – деп түсіндірді аудан прокуроры. Қарағанды облыстық сотының апелляциялық тобы аудандық про­курордың наразылығын қанағат­тан­дырып, жаңа өкім шығарды. Сөйтіп, полиция қызметкері құқық бұзғаны үшін айыпты деп танылып, екі жылға дейін жүргізуші куәлі­гі­нен айрылу жазасына кесіліп отыр. Даниел ШАЙЫНҒАЗИН.