ШҚО полициясы осы жылы қылмыстық жауапкершіліктен қашып, бой тасалап жүрген 5 адамды қолға түсірген. Оның екеуі бұған дейін де сотты болғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Оның ішінде 14 жылдан бері іздеуде болған 32 жастағы әйел де бар.
«Күдікті алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып келді. Полицейлер оны Алматы қаласынан тапты. Қазіргі уақытта әйел сол жақтағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарламасында.