Әлем 11 Ақпан, 2025

Украина Беларусиядан қауіптене бастады

100 рет
көрсетілді

Украина билігі Беларусь шекарасындағы қорғаныс күштерін нығайта бастады. Бұл туралы Украинаның мемлекеттік шекара қызметінің өкілі Андрей Демченко жергілікті «Телемарафон» эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл тарап бізге әлі де қауіпті болып санала береді. Сол себепті қорғаныс мүмкіндіктерін арттыру, оның ішінде инженерлік бекіністер құру – біз үшін басым бағыттардың бірі. Қазір шекара маңындағы облыстарда бекініс желілері жабдықталып, кеңейтіліп жатыр»,  дейді А. Демченко.

Саясаткер әскерді жұмылдыру жұмыстары шекараның бүкіл көлемінде жүзеге асырылып жатырғанын атап өтті. 

Ал 4 ақпанда Ресей Сыртқы істер министрлігі ТМД елдерінің екінші департаментінің басшысы Алексей Полищук Украина билігі Беларуссияға қатысты қисынсыз әрекеттер жасауы мүмкін екендігін ескерткен болатын.

Сондай-ақ Кремльдің Украинаның бүкіл мәлімдемелерін және шекара аймағындағы белсенділігін мұқият қадағалап отырғанын, ел ішіндегі арандатушылықтар туралы білетінін атап өтті.