Былтыр Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан №8 мектепте балалар жаппай уланып, ауруханаға түскен еді, деп жазады Egemen.kz.

Бас прокуратура осы мектеп асханасындағы 4 қызметкердің жалған санитарлық құжатпен жұмыс істегенін анықтады. Олар жұмысшыдан талап етілетін санитарлық шарттарды сақтамаған.
Құзырлы орган тексеру кезінде мектептегі жаппай улану оқиғасына осы мәселенің себеп болғанын мәлімдеді. Сот 4 қызметкерге айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енді.