2025 жылғы 17 ақпанда Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.
«Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.