• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2010

“НҰР СҰҢҚАР” ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

487 рет
көрсетілді

24 мамырда “Нұр Отан” ХДП партия қызметін баспасөзде үздік насихаттаған журналистер арасында өткізілген “Нұр Сұңқар” республикалық сайысының қорытындысын жариялады. Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында өтті. “Нұр Отан” ХДП Төрағасы­ның бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: “Сіздерге бірден айта кетейін, Саяси кеңес бюро­сы­ның шешімімен, бұл сайыс жыл сайынғы дәстүрлі шараға айна­лады. Сіздердің еңбектеріңіз біздің мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін, тәуелсіз Қазақстанымыз үшін өте маңызды да жауап­ты. Сіздердің еліміздің саяси тұ­рақ­тылығы, бірлігі, әлеуметтік-эко­номикалық, рухани дамуы жо­лында қосып жатқан үлестеріңіз өте зор. Сол үшін Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше назар аударып, барлық жағынан қолдау көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін сіздер, бұқа­ра­лық ақпарат құралдары өкілдері, Президентімізбен бірге бол­ды­ңыздар және болашақта да солай болып қала беретіндеріңізге күмән жоқ”, дей келіп, “Нұр Сұңқар” сайысының біздің елімізде жур­налистиканы одан әрі дамытуды ынталандыра түсетініне сенім білдірді. “Нұр Сұңқар” сайысы журна­лис­тер арасында “Нұр Отан” пар­тиясының қызметін насихаттау, тұрғындарды партия қызметімен кең көлемде ақпараттандыру, журналистердің шығармашылық қабілетін шыңдау және ынта­ландыру мақсатында бірнеше аталымдар бойынша өткізілді. “Наш депутат” – “Біздің депутат” аталымы бойынша үздік деп танылған қос журналистің қатарында “Егемен Қазақстан” АҚ тілшісі Анар Төлеуханқызы марапатталды. Ал сайыстың бас жүлдесін “Хабар” агенттігінің жур­налисі Александр Аксютиц қанжығасына байлап, оған пәтер кілті табыс етілді. “Егемен-ақпарат”.