Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Халық қалаулылары назарына бағалау қызметі туралы заң жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда талқылау ұсынылды.
Палата, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялауды қарайды.
Сонымен қатар, бірқатар жаңа заң жобалары жұмысқа қабылданады. Олардың қатарында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру, сондай-ақ, ұстап беру туралы шарттарды ратификациялау бар.