Таным 20 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Қайырымды хакер

478 рет
көрсетілді

Хамза Бенделадж – әлемге қайы­рым­ды хакер ретінде танылған адам. Ол 217 банктің жүйесін бұ­зып, 4 млрд долларды Африка мен Палестинадағы қайы­рым­дылық қорларына аударған.

Хамза тіпті Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіріп, алжирліктерге заңсыз виза алуға көмек­тесуге дейін барған. Сондай-ақ Израиль үкі­­метінің сайтын бұзып, Палестинаға маңызды әрі құпия материалдарды жеткіз­ген. Америка соты бастапқыда оны 30 жыл бас бостандығынан айырмақ болады, кейін өлім жазасына кесті. Бірақ қоғам оны әділет жолындағы күрескер деп танып, 200 мыңнан астам адам қол қойған петиция жариялады. Соның арқасында оған кешірім беріліп, 15 жылға сотталған.