Экспорт 20 Ақпан, 2025

Қазақстан Түркияға ет экспорттайды

93 рет
көрсетілді

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шенеунік өткен жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 285 миллион долларды құрағанын хабарлады. 

«Экспорттың негізгі тауарлары – дәнді және бұршақты дақылдар. Түркия тарапынан негізгі импорт – көкөністер, жемістер, жаңғақтар және басқа да дақылдар», деді Ермек Кенжеханұлы .

Оның айтуынша, Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр.

«Біз қазір ет пен ет өнімдерінің экспортын қамтамасыз ету шараларын жүргізіп жатырмыз. Осы мақсатта біз Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыс атқарамыз. Сондай-ақ, ет пен ет өнімдерін Түркияға экспорттауға ниетті кәсіпорындармен келісеміз», деді вице-министр.