• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2025

Қызылордадағы түнгі клубтан азот толтырылған шарлар табылды

68 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс орталығындағы түнгі клубтың бірінде азот оксиді құйылған шарлар ашық сатылып жатқаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 10 литрлік 2 баллон, полиэтилен пакетке салынған шарлар, кальян табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Қазір дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып, есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау бойынша ҚР ҚК 310-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды.

Полицейлер алдағы уақытта өзге де ойын сауық орталықтарына тексеру жүргізеді.