• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2010

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ АДАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

610 рет
көрсетілді

Маусымның 24-25-і күндері Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы мен Данияның Адам құқықтары жөніндегі институтымен бірлескен “Шағымдарды БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес ұсыну және қарау (рәсімдері мен механизмдері)” тақырыбында семинар өтікізілді.Оның жұмысына ҚР Парла­ментінің депутаттары, Президент Әкімшілігі мен өзге де мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері қатынасты. Екі күн бойына адам құқығы мәселесін сөз еткен семинарда айтылған басты ой заң үстемдігінің адамға қызмет етуі болды десек, артық айтқандық емес. Басқосуды ашып, оның модера­тор­лығының тізгінін ұстаған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орта­лықтың жетекшісі Вячеслав Ка­люж­ный алғашқы сөз кезегін Қа­зақ­стандағы Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл Асқар Шәкіровке берген. Күн тәртібіне қойылған мә­селелер жөнінде сөз қозғаған ше­шен еліміздің адам құқықтары са­ла­сындағы халықаралық келісім­дер­ге қол қойғанын, сонымен қа­тар, зорлық-зомбылық көрсету әре­кеттері жөніндегі халықаралық құ­жаттардың да ратификациялан­ға­нын алға тартты. “Өткен жылы елі­міз азаматтар мен саяси құқықтар жө­ніндегі пактіні ратификация­ла­ды. Сөйтіп, мемлекетіміз азамат­тар­дың бұзылған құқықтарының халықаралық талаптар негізінде қалпына келтірулеріне мүмкіндік жасады. Адам құқықтары сала­сын­дағы халықаралық құжаттарды ра­ти­фикациялау мемлекеттің ұлттық құқық қорғау тетіктерін халықара­лық стандарттар негізінде жетіл­діруге мүмкіндік береді”, деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл. Семинар жұмысының жоғары дә­режеде өтуіне атсалысқан халық­ара­лық сарапшылар оған қатысу­шы­лар назарына Біріккен Ұлттар Ұйымының комитеттеріне жеке ша­ғымдарды беру мен қарау тәр­тіп­тері жөнінде кеңінен әңгімеледі. Мәселен, даниялық Пол Далтон Аза­маттық және саяси құқық жө­нін­дегі халықаралық пактінің маз­мұны мен оны түсіндіру жағын баян­даса, германиялық Кармен Тиеле халықаралық пактінің аза­маттық және саяси партияларға қа­тысты 14-бабы жайында кеңінен толғады. Талқылау барысында семинарға қатысушылар азаматтың өз пікірін еркін жеткізуге деген құқықтарын іске асыру бойынша еліміздегі заң үстемдігі мен кейбір ішінара кез­десетін адам құқықтарының аяққа басылу жағдайларын болдырмауға қатысты ойларымен бөлісті. Екі күн бойына адам құқық­та­ры­ның сақталу мәселелерін сөз ет­кен басқосуға қатысушылар семи­нар өткізілуінің өзектілігіне мән беріп, ұлттық заңнамаларымызға халықаралық нормалар мен стан­дарттарды одан әрі енгізе түсудің маңыздылығын баса айтты. Жиынға қатысушылар адам құ­қық­тарын қорғау халықаралық та­лап­тар негізінде жүзеге асырылуы тиіс екенін сөз ете келе, заң үс­тем­дігінің бәрінен биік тұруының ма­ңызын да назарға алып, оның қо­ғамымызды өркениетке жетелейтін күш екеніне, ал түптеп келгенде, оның адамға қызмет ететініне шек келтірмейтіндерін білдірді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.