• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

Оралда ойыншық тапаншамен дүкен тонаған күдікті қолға түсті

513 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 19 маусым. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында сатушыны ойыншық тапаншамен қорқытып, дүкен тонаған 40 жастағы ер адам қолға түсті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 12 маусымда болған. Тәртіп сақшыларына сағат 22:00 шамасында Ихсанов көшесіндегі «Айнагүл» дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы хабар келіп түседі. Дүкендегі әйелдің айтуынша, ер адам тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 30 мың теңгені алып кеткен. Жәбірленуші күдіктінің ерекше белгілері мен үстіндегі киімін нақты айтып берді. Соның нәтижесінде оқиғадан кейін 5 күн өткенде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Тергеу кезінде оның тонауға ойыншық тапаншамен барғаны анықталды. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: tsn.ua.