2024 жылы Қазақстан құрама командалары Математика (IMO), физика (IPhO), биология (IBO), лингвистика (IOL), химия (IChO), география (IGeO) және информатика (IOI) бойынша әлемдегі ең беделді жеті олимпиадаға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, қазақстандық оқушылар химия бойынша беделді халықаралық олимпиадада, «First Global Challenge» робототехника бойынша дүниежүзілік чемпионатта екі дүркін әлем чемпионы атанған.
Айта кетейік, біздің жас таланттарымыз Балқан түбегінің үздік математиктерінің үштігіне кірді, ал Қазақстаннан келген оқушылардың үш ғылыми жұмысы әлемнің 70-тен астам елінен 2 мың қатысушыны жинаған Regeneron ISEF-2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауында беделді марапаттарға ие болды.