Әлемдегі ең ерекше қан доноры, аустралиялық Джеймс Харрисон 88 жасында өмірден озды. Ол осы күнге дейін 2,4 миллион нәрестенің өмірін құтқарып қалған.

Джеймс Харрисонның сирек кездесетін қан плазмасы теріс резус-факторлы жаңа туған сәбилерге арнайы сарысу жасауға көмектесіп, 2,4 миллион нәрестенің өмірін сақтауға себепкер болған.
Ол 14 жасында күрделі операциядан кейін қан құюдың адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, 18 жасынан бастап 81 жасына дейін үздіксіз донор болған. Донор әр екі апта сайын плазма тапсырып, бұл салада әлемдік рекорд орнатты. Айта кетерлігі, Харрисонның қызы мен немерелері де оның қанынан жасалған сарысуды қолданған. Ғалымдар қандағы ерекше антиденелердің табиғатын әлі күнге дейін толық зерттеп үлгермеген. Қазіргі таңда аустралиялық зерттеушілер осы сирек плазманың зертханалық нұсқасын жасап, болашақта жүкті әйелдерге көмектесуді жоспарлап отыр. Аустралияда Харрисон сияқты ерекше қан құрамы бар донорлардың саны 200-ге де жетпейді. Бұл көрсеткіш өте төмен, сондықтан болашақта мұндай донорлардың тапшылығы денсаулық сақтау саласында үлкен мәселеге айналуы мүмкін.