• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

Жамбыл облысында болған ұшақ апатының себебі анықталды

456 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 19 маусым. Осы жылдың қаңтар айында жерге құлаған АН-2 ұшағының апатын тексеру комиссиясы оқиғаның неден болған себебін анықтады. Комиссия қорытындысына сенсек, апат – ұшақ экипажының ауа райының қолайсыз жағдайында биіктік қауіпсіздігін сақтамауынан болған екен. Бұл туралы Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. «АН-2 экипажының жердегі бағдармен байланыспай биіктікті төмендету туралы негізсіз шешімі әуе кемесінің жермен соқтығысуына әкеп соққан», – делінген аталған министрліктің хабарламасында. Бекітілген қорытынды есеп алдын-ала тергеу амалдарын жүргізген Ішкі істер министрлігі мен Бас көлік прокуратурасына жіберіледі. Еске салсақ, биылғы жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысындағы «Шатыркөл» кенішінің маңында қалың тұманда жерге қонбақ болған АН-2 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақтың бортында 7 адам болған, оның үшеуі экипаж мүшелері. Апаттан экипаж мүшелерінің барлығы және де 3 жолаушы қайтыс болды. Бұлардың бәрі де «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері-тұғын. Ал компанияның тағы бір қызметкері Әсем Шаяхметова құдай сақтап, сол апаттан аман қалған болатын. Қазіргі уақытта ол Астанада емделіп жатыр. Апатқа ұшыраған ұшақ 1973 жылы жасалып шыққан, «Олимп Эйр» ЖШС-нің меншігі (тапсырыс беруші – «Балқаштүсмет» ӨБ, «Қазақмыс» ЖШС Корпорациясы). 2002 жылы бұл әуе кемесі Ақтөбенің авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен екен. 2007 жылы оны «Қазақмыс» компаниясы сатып алыпты. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі. Сурет: tengrinews.kz.