• RUB:
    5.89
  • USD:
    505.15
  • EUR:
    550.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Наурыз, 2025

Жаңа қоқыс полигоны жоспарланды

81 рет
көрсетілді

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларына ортақ қоқыс полигоны салынады. Қолданыстағы полигон Жезқазған қаласынан 20 ша­қырым қашықтықта орналасқан. Күніне шамамен 150 тон­на қоқыс төгіледі. Тау болып үйілген қоқысты өртегенде ай­налаға жағымсыз иіс тарайды.

Мамандар Жезқазған қаласындағы қол­­да­ныстағы поли­гон­ның санитарлық, экологиялық кодекс талаптарына сәйкес кел­мейтінін айтады. Биыл Жез­қазған қаласының бас жоспарына сәйкес жаңадан полигон салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықты қайта өңдейтін шағын зауыт салынады. Зауытта жылына 50 мың тонна қағаз, плас­тик, резеңке бұйымдары қайта өңделеді.

Қоқыс полигоны Жезқазған мен Сәтбаев қалаларына ортақ болады. Екі қаланың ортасындағы өндірістік аумақта орналасады. Жер учаскесі бөлініп, инвес­тор анықталды. Жаңа полигон­ның негізгі аумағы 17 гектарды ­құ­райды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Ахмет­беков: «Екі нысанды салуға шама­мен 900 млн теңге қажет. Қар­жының 30%-ы инвестордың өз есебінен, қалғанын өнеркәсіпті да­мыту қоры лизинг түрінде береді», деп мәлімдеді.

Экологиялық кодекске сәйкес ескі полигонды жою жұмыстары жүргізіледі.

 

Ұлытау облысы