• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2015

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №808

745 рет
көрсетілді

2014 жылғы 14 қараша, Астана қаласы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (Б.Ш.Исенова) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағидалардың әрекеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппараты мен оның ведомстволарының, аумақтық органдарының және ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің ішкі істер органдары қызметкерлеріне (бұдан әрі – ішкі істер органдарының қызметкерлері), ішкі істер органдарының оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) қолданылады және көрсетілген адамдар санаттарына ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу тәртібін реттейді. Осы Қағидалар бойынша ақшалай ризық: а) қатардағы және басшы құрамның штаттық лауазымдарын атқаратын; ә) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарында оқитын; б) ішкі істер органдарының қарамағында тұрған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне төленеді. 2. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің ақшалай ризығы: ақшалай ұстаудан; қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін лауазымдық жалақыларына үстемеақыдан тұрады; Ақшалай ұстау: атқаратын штаттық лауазым бойынша жалақыдан; арнаулы атағы үшін қосымша ақыдан тұрады. Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) ақшалай ұстау түрлерінің бірі шәкіртақы болып табылады. Ақшалай ұстауды төлеу үшін негіз ішкі істер органы басшысының оның номенклатурасына кіретін штаттық лауазымға тағайындау туралы, қарамағына қабылдау туралы бұйрығы, оқу орны бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығы болып табылады. 3. Ақшалай ризықты төлеу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне белгіленген мерзімінен бұрын ақшалай ризықты демалысқа кететін және қызмет бойынша ауысатындарға – ағымдағы және келесі айларға, бірақ демалыс және мереке күндерін есептемегенде, демалысқа немесе жаңа қызмет орнына кетуге дейін үш жұмыс күннен кешіктірмей төлеуге жол беріледі. 4. Толық ай қызмет етпеген қызметкерге тиесілі ақшалай ризықтың мөлшері осы айда қызмет еткен күнтізбелік күннің нақты санына қарай айқындалады. Толық емес айға ақшалай ризықты төлеу кезінде бір күнтізбелік күнге төлем мөлшері осы айдағы күнтізбелік күннің санына толық айға тиесілі ақшалай ризық сомасын бөлу арқылы айқындалады. Егер ақшалай ризық төленетін кезеңде ішкі істер органдарының қызметкеріне бастапқы коэффициент белгіленсе немесе лауазымдық жалақыларына және сауықтыруға арналған жәрдемақыларына, сондай-ақ лауазымдық жалақыларына үстемеақыларды есептеу үшін коэффициентті кезекті рет арттырылса ақшалай ризық коэффициент немесе үстемеақы белгіленген күннен бастап көрсетілген өзгерістерді ескере отырып, төленеді. 5. Ішкі істер органдарының кадрында қалдыра отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризық пен өзге де төлемдер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 6. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тиесілі және уақтылы төленбеген немесе толық төленбеген ақшалай ризық барлық кезеңге төленеді, көрсетілген төлем төленбеген немесе толық төленбеген қызметкерлерге кем төлеу анықталған немесе наразылық білдіру күніне дейін, бірақ 3 жылдан артық емес мерзімге төленеді. Лауазымдық жалақыны есептеуге арналған коэффициентті белгілеу үшін жеке істеріндегі бұрын белгісіз болған және ескерілмеген қызмет кезеңдері расталған жағдайларда жаңа белгіленген мөлшерлер бойынша ақшалай ризық қызметкерлер бұрын ескерілмеген еңбек сіңірген жылдарын растайтын құжаттар ұсынған күннен бастап өткен уақытқа қайта есептеусіз төленеді. 7. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда қаларалық автомобиль (таксиден басқа), темір жол және су көлігімен барып-қайтуға арналған шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 2. Лауазымдық жалақылар, арнаулы атағына қосымша ақылар 8. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне лауазымдық жалақылар, арнаулы атағы үшін қосымша ақылар «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығымен бекітілетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесімен айқындалады. Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларының мөлшері атқарып отырған лауазымына қарай және атқарып отырған лауазымдарын лауазымдар санатының тобына жатқызуға, мемлекеттік қызметтегі еңбек сіңірген жылдары мен өтіліне қарай олардың лауазымдық жалақыларын және сауықтыруға арналған жәрдемақыларын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді, түзету коэффициентін ескере отырып, базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту арқылы айқындалады. Қызметкерлерге арнаулы атағы үшін қосымша ақы мөлшері тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақы мөлшеріне көбейту арқылы айқындалады. 9. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне лауазымдық жалақы лауазымға тағайындалған күннен бастап, бірақ көрсетілген бұйрық шыққан күннен ерте емес немесе егер лауазымға тағайындау күні көрсетілмесе тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арнаулы атағы үшін қосымша ақы төлеу атақ берілген күннен бастап немесе егер беру күні бұйрықта көрсетілмесе арнаулы атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап жүргізіледі. 10. Қызметкерлерге лауазымдық жалақы ішкі істер органдарының штатында көрсетілген лауазымдар санаты («Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына сәйкес) бойынша төленеді. Штатта екі атауы бар лауазымдар бойынша лауазымдық жалақы лауазымның бірінші атауы бойынша белгіленеді. 11. Орта басшы құрамның лауазымына тағайындалған қатардағы және кіші басшы құрам қызметкерлеріне белгіленген атқаратын штаттық лауазымы бойынша жалақы, арнаулы атағы бойынша қосымша ақы төленеді. 3. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша еңбекақы төлеу 12. Қызметтің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы негізгі немесе уақытша атқаратын лауазымы бойынша алатын нақты жалақысына төленеді. 13. Егер үстемеақы толық емес айға төленуі тиіс болса, оның сомасы үстемеақының көрсетілген шекті мөлшеріне және осы айға күнтізбелік күннің санына қарай белгіленеді. 14. Қызметтің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы ішкі істер органы басшысының бұйрығы негізінде үстемеақы белгілеген күннен бастап, бірақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес немесе бұйрықта үстемеақы ны белгілеу күні көрсетілмесе, үстемеақы белгілеу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді. 15. Қызметтің ерекше жағдайлары үшін қызметкерлерге үстемеақы төлеу лауазымнан босатылған күннен бастап немесе үстемеақы төлеу көзделмеген лауазымды уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады. 16. Қызметтің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы ағымдағы жылға ақшалай ұстау төлеумен біруақытта төленеді. 17. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қосымша төлем Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар аумағында тұрғаны үшін және экологиялық зардап шеккен аймақтарда тұрғаны үшін Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы заңдарында айқындалатын мөлшерде және тәртіппен коэффициенттерді қолдана отырып, еңбекақы белгіленеді. 18. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесімен белгіленеді. 4. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің, шет елдер оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына), магистранттарына, докторанттарына жүргізілетін төлемдер 19. Жоғары оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) оқу орнына қабылданған күннен бастап лауазымдық жалақы (шәкіртақы) төленеді. 20. Курсанттардың (тыңдаушылардың) лауазымдық жалақылары курстанттардың (тыңдаушылардың) лауазымдық жалақыларын (шәкіртақыларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту арқылы айқындалады. 21. Оқу курсына байланысты лауазымдық жалақы (шәкіртақы) алатын, келесі курсқа көшірілген курстанттарға (тыңдаушыларға) осы оқу курсы бойынша жалақы (шәкіртақы) келесі курсқа көшкені туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бірақ жаңа оқу жылы басталардан ерте емес мерзімде төленеді. 22. ІІМ оқу орындарының магистратурасына және доктарантурасына қабылданған қызметкерлерге оқу орнына жолданғанға дейін соңғы атқарған (уақытша атқарғаны емес) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық жалақының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы үшін қосымша ақы оқу уақытына белгіленеді. 23. Ішкі істер органдарына диплом алу алдындағы практикадан өту үшін жіберілген және ішкі істер органдарының штаттық лауазымына тағайындалған курсанттарға (тыңдаушыларға) диплом алдындағы практикадан өту жері бойынша білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін оқу орындарына іссапарға жіберілген күн бойынша штаттық лауазымда болу кезеңіне ақшалай ұстау төленеді, ол туралы ақшалай аттестатта тиісті жазбалар жасалады. 24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) каникулдық демалыстар кезеңінде тұрғылықты тұратын жеріне барып-қайтуға қалааралық автомобиль (таксиден басқа), темір жол және су көлігіне жол жүру құны төленеді. 25. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шет елдердің құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындарында оқитын қызметкерлерге оқумен байланысты төлем, оның ішінде ақшалай ұстау халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. 26. Шет елдердің құқық қорғау органдарының (полиция) білім беру ұйымдарында күндізгі нысан бойынша оқитын қызметкерлерге (тыңдаушыларға) каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына барып-қайтуға арналған шығыстар өтеледі. 5. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында оқу уақытына жүргізілетін төлемдер 27. Қазақстан Республикасының және шет елдердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында оқу уақытына, сондай-ақ оқу орнына барып-қайту жолына негізгі штаттық лауазым бойынша алатын ақшалай ризық төленеді, сондай-ақ оқуда болған әрбір күніне тәуліктік төленеді және қызметтік іссапарға белгіленген тәртіппен және нормалар бойынша тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен белгіленген тәртіппен және нормалар бойынша өтеледі. 28. Ішкі істер органдарының қызметкерлері ядролық сынақтардың салдары әсер еткен аумақтарда, экологиялық зардап аймақтарында тұрғаны үшін нақты алатын қосымша ақы оқу уақытында сақталады. 6. Лауазымды уақытша атқару кезінде жүргізілетін төлемдер 29. Негізгі міндеттерінен босата отырып, басқа лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелген штаттық лауазымды атқаратын қызметкерлерге төлем мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) штаттық орынбасарларға олардың өздерінің тікелей бастықтарының бос емес лауазымдары бойынша қызметтік міндеттеріне қарамастан, ақшалай ризықты төлеу олардың негізгі атқарып отырған лауазымы бойынша жүргізіледі; 2) басшының бос лауазымы бойынша міндеттерін, оның ішінде орынбасарларының да уақытша атқаруы кезінде, ақы өзге де төлемдер ескеріле отырып, лауазымды уақытша атқаруға көзделген жалақыға қарай, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа төленеді. Көрсетілген мерзім ішінде оларды осы лауазымға тағайындау немесе бос лауазым бойынша міндеттерді атқарудан босату туралы шешім қабылдануы тиіс. Міндеттерді уақытша атқарудың үзіліссіз мерзімі бос лауазым бойынша екі айдан, ал бос емес лауазым бойынша – төрт айдан аспауы тиіс. Лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарудың үзіліссіз мерзімі лауазымды атқаруға кіріскен күннен бастап, бірақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес, ал күні көрсетілмесе, бұйрыққа қол қойылған күннен ерте емес, міндеттерін атқарудан босатылған күн бойынша есептеледі. Лауазым бойынша міндеттерді атқарушы ретінде тағайындау қызметкерлерді лауазымға тағайындау және олардың орнын ауыстыру құқығы берілген лауазымды адамдардың бұйрығымен ресімделеді. Қызметкерге міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу және оны осыған байланысты негізгі лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босату, тікелей басшысы болмаған кезеңде оның лауазымы бойынша міндеттерді атқару қызметкердің қызметтік міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді лауазымға тағайындау басшының бұйрығымен жүзеге асырылады. 30. Лауазымдық жалақыдан есептелетін әртүрлі үстемеақы түрлерін уақытша атқарылатын лауазым бойынша төлеу кезінде нақты алатын жалақысы назарға алынады. 7. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде жүргізілетін төлемдер 31. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне еңбекке уақытша жарамсыздықтың барлық кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша қызметтік міндеттерінен босату парақтарының негізінде, сондай-ақ отбасының сырқат мүшесін күту бойынша еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша парақтардың негізінде ақшалай ризық толық көлемде төленеді. Барлық көрсетілген жағдайлар бойынша қызметкерлерге ақшалай ризық төлеу растайтын құжаттар ұсынғаннан кейін ғана жүргізіледі. 32. Ішкі істер органдарының қарамағында болуы кезеңінде сырқаттанған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңіне ақшалай ұстау төленеді. 33. Жүктілiгi мен босануы бойынша демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу демалысында, үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңінде ішкі істер органдарының қызметкері сырқаттанған кезде сырқаттанған күндері үшін ақшалай ризық төленбейді. Егер сырқаттану көрсетілген демалыстар аяқталғаннан кейін де жалғасатын болса, тиісті демалыс аяқталған күннің келесі күнінен бастап және қызметкердің қызметке шығу күніне дейін ақшалай ризық төленеді. 8. Ішкі істер органдарының қарамағында болған уақытқа жүргізілетін төлемдер 34. Атқарып отырған лауазымдарынан босатылған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тиісті ішкі істер органдарының қарамағында болған уақытында ақшалай ұстау штаттық лауазымнан босатылған күннен бастап (яғни соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақы, арнаулы атағы үшін қосымша ақы) және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленеді. Төлемдер «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңмен белгіленген тиісті ішкі істер органдарының қарамағында болу мерзімдерінің кезеңінде жүргізіледі. Ішкі істер органдарының қызметкерін қарамағына қабылдау туралы бұйрықта олардың қарамағында болу кезеңінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тиісті төлемді жүзеге асыратын ішкі істер органының бөлінісі көрсетіледі. 35. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қарамағында болуы уақытында лауазымдық жалақы төлеу кезеңінде Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұрғаны үшін қосымша төлем немесе оларға көрсетілген қосымша төлем белгіленген аудандық және жергілікті жердің ішкі істер органдарының қарамағында болған жағдайда экологиялық зардап шеккен аймақтарда тұрғаны үшін коэффициенттерді қолдана отырып, еңбекақы сақталады. 36. Қарамағына қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылған күн немесе бұйрықта көрсетілген күн қарамағына қабылдау күні болып есептеледі. 37. Қарамағында болу мерзіміне ақшалай ұстауды төлеу кезінде: демалыстарда болу уақыты; денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу уақыты; бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жолда болу уақыты; сырттай немесе кешкі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша қысқартылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамауға алынған күннен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты қамауда болу уақыты есептелмейдi. 9. Лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетілгендерге және қамауда болу уақытында, сондай-ақ қызметі қалпына келтірілгендерге жүргізілетін төлемдер 38. Лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетілген қызметкерлерге қылмыстық процесті жүргізетін орган ақшалай ризық төлеуді уақытша тоқтатады. 39. Қамау түрінде бұлтартпас жазасы таңдалған қызметкерлерге ақшалай ризықты төлеу қамауға алған күннен бастап тоқтатылады. 40. Лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген қызметкерлерге ішкі істер органының басшысы жауапкершілік туралы мәселе шешілгенге дейін қызметтік тергеу жүргізген жағдайда, бірақ бір айдан артық емес мерзімге ақшалай ұстау сақталады. 41. Қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты ішкі істер органдарынан босатылған, ал кейіннен ақталған және тиісінше лауазымы мен арнаулы атағы қалпына келтірілген қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақытын үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіппен ақшалай ризық өтеледі. 10. Демалыстар уақытында жүргізілетін төлемдер 42. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына кеткен кезде қызметкерлерге ақшалай ризық және демалысқа кеткен күнге атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы жылына бір рет не қызметкердің ішкі істер органының қарамағында болған жағдайда қарамағына қабылданған күнге соңғы атқарған штаттық лауазымы бойынша төленеді. Төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы бөліп берілген жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу демалыстың бірінші бөлігін берген кезде жүргізіледі. 43. Ішкі істер органдарына қызметке келген жылы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақының мөлшері екі лауазымдық жалақыны он екі айға бөліп және алынған соманы қызметке келген жылға қызметтің толық айының санына көбейтіп есептеледі. Қызметтен босатылған жылы төленген жәрдемақы қайтаруға жатпайды. 44. Бала күтімі жөніндегі демалысқа кеткен жылы және одан шыққан кезде қызметкерлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері жыл сайынғы еңбек демалысын берген кезде екі лауазымдық жалақыны он екі айға бөліп және алынған соманы күнтізбелік жылға қызметтің толық айының санына көбейтіліп есептеледі. 45. Ішкі істер органдарына басқа құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен қызметке келген және Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшілері қатарынан келген адамдарға сауықтыруға арналған жәрдемақы олар ауысқан (келген) жылға бұрынғы қызмет орны бойынша оларға жәрдемақы төленбеу фактісі (бұйрықтан үзінді, ақшалай аттестат және т.б.) расталған кезде төленеді. 46. Қызметкерлерге демалыс өткiзу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, ақылы жыл сайынғы еңбек, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар уақытына ақшалай ризық олардың атқарып отырған лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алатын мөлшерде төленедi. Атқарып отырған лауазымынан босатылған және қарамағында болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілген жыл сайынғы еңбек демалысы уақытында ақшалай ұстау қарамағында болу мерзіміне қарамастан, қарамағына қабылданған күнге негізгі лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленеді. 47. Оқу орындардың курсанттары мен тыңдаушыларының каникулдық демалыста болған уақыты үшін оларға оқу уақытында алатын лауазымдық жалақысы (шәкіртақы) төленеді. 48. Тиісті ішкі істер органдарына қызметке бөлу бойынша жіберілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарының түлектеріне оқу орнын аяқтағаннан және оларды лауазымға тағайындағаннан кейін берілетін демалыс кезеңі үшін олар тағайындалған штаттық лауазым бойынша ақшалай ризық және жылына екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді. 49. Оқудың күндізгі және сырттай нысаны бойынша ІІМ оқу орындарына, оның ішінде магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін қызметкерлерге ұсынылған оқу демалыстарының уақытына оларға демалысқа кеткен күнге негізгі штаттық лауазым бойынша ақшалай ұстау төленеді, ал басқа білім беру ұйымдарына түсушілерге ақшалай ұстау төленбейді. 50. Сырттай оқу нысаны бойынша ІІМ білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңінде ұсынылған оқу демалыстары уақытында ақшалай ұстауы сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінде темір жол көлігімен оқу орнына барып-қайтуға жолақысының шығыстары өтеледі. 51. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарына түскен қызметкерлерге оқу демалысы кезінде ақшалай ризық төленбейді. 11. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде немесе қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ішкі істер органдарының қызметкеріне жүргізілетін төлемдер 52. Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда, қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы нәтижесінде болған мүгедектiк белгiленгенде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған (қайтыс болған) кезде не болмаса қызметтiк мiндеттердi орындау үшін міндетті атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл ішінде біржолғы өтемақы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына сәйкес төленеді. 53. Қайтыс болған немесе қаза болған қызметкерлерді жерлеуге оларды үш айлық ақшалай ұстау мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді. 12. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақы төлеу 54. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, оның ішінде қарамағында, жүктілігі мен босануы бойынша, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған қызметкерлерге тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін ақшалай өтемақы төленеді. 55. Қызметкерлерге ақшалай өтемақы төлеу қызметке түскен күннен бастап жүргізіледі және қызметтен босатылуына байланысты ішкі істер органдарының жеке құрамының тізімінен алып тастаған күннен бастап тоқтатылады. 56. Ақшалай өтемақының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес айқындалады. 57. Ақшалай өтемақыны төлеу туыстық қатынастарға және бірлесіп тұруға (яғни әкесіне, әйеліне, балаларына егер ол қызметкерлер болып табылса) қарамастан, әрбір қызметкерге жүргізіледі. Ақшалай өтемақы қызметкерлерге ағымдағы жылғы ақшалай ризықты төлеумен біруақытта төленеді. 58. Ішкі істер органдарының кадрында қалдыра отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және өзге де мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге ақшалай өтемақыны іссапарға жіберілгенге дейін олар штатында тұрған орган төлейді. 59. Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша магистратура мен докторантурадағы оқу кезеңінде қызметкерлерге тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы қызметкердің оқу орны бойынша оқу орындары төлейді. Шетелдік құқық қорғау органдарының оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында күндізгі оқу кезеңінде қызметкерлерге тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақыны олар оқуға жіберілгенге дейін штатында тұрған орган төлейді. 13. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу (жалдау) үшін ақшалай өтемақы төлеу 60. Тұрғын үйге мұқтаж ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйді жалға алу (жалдағаны) үшін өтемақы төленеді. 61. Тұрғын үйді жалға алу (жалдағаны) үшін өтемақы төлеу тәртібі, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдар санатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 14. Нысанды киім үшін ақшалай өтемақы төлеу 62. Тізбесін Ішкі істер министрі бекітетін бөліністердің лауазымдарында қызмет өткеретін қызметкерлерге нысанды киім орнына ақшалай өтемақы төленеді. 63. Нысанды киім-кешек үшін ақшалай өтемақы Ішкі істер министрлігінің тиісті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұйрығымен бекітетін ішкі істер органдарының қызметкерлерін нысанды киім-кешекпен жабдықтау нормалары бойынша ортажылдық тозу құнының мөлшерінде төленеді. Ортажылдық тозу құнын есептеу соңғы мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша келісімшарттармен айқындалған нысанды киімнің әрбір затының құны бойынша жүргізіледі. 64. Нысанды киім үшін ақшалай өтемақы қызметкерлерге әр жарты жылдықтың соңында төленеді. Жартыжылдық ақшалай өтемақының мөлшері ішкі істер органдарының қызметкерлерін нысанды киіммен жабдықтау нормалары бойынша ортажылдық тозу құнын тиісті жылдағы күнтізбелік күннің санына бөліп, тиісті жарты жылдықтың күнтізбелік күнінің санына көбейте отырып есептеледі. 65. Ішкі істер органдарынан қызметтен босатылған кезде қызметкерлерге нысанды киім үшін ақшалай өтемақы жарты жылдық ақшалай өтемақының мөлшері ішкі істер органдарының қызметкерлерін нысанды киіммен жабдықтау нормалары бойынша ортажылдық тозу құнын қызметтен босатылатын жылдың күнтізбелік күнінің санына бөле отырып, өтемақы төлеу жүзеге асырылмаған қызметтен босатылу жылының қызметтің күнтізбелік күнінің санына көбейте отырып, есептелетін мөлшерде төленеді. 66. Қызмет бойынша бір бөліністен екінші бөлініске орын ауыстыру кезінде қызметкерлерге нысанды киім үшін ақшалай өтемақы жарты жылдық ақшалай өтемақының мөлшері ішкі істер органдарының қызметкерлерін нысанды киіммен жабдықтау нормалары бойынша ортажылдық тозу құнын қызметтен босатылатын жылдың күнтізбелік күнінің санына бөле отырып, өтемақы төлеу жүзеге асырылмаған қызметтен босатылу жылының қызметтің күнтізбелік күнінің санына көбейте отырып, есептелетін мөлшерде төленеді. 15. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызмет бойынша орнын ауыстыру және жылжыту кезінде көтерме жәрдемақы төлеу 67. Бір елді мекеннен кемінде елу километр алыстағы екінші елді мекенге көшуіне байланысты ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет бойынша орнын ауыстыру және жылжыту кезінде оған екі айлық ақшалай ұстау және онымен бірге көшкен отбасы мүшелерінің әрқайсысына жарты айлық ақшалай ұстау мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. Ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет бойынша орнын ауыстыру және жылжыту кезінде оған мемлекет есебінен он тоннаға дейін меншікті мүлкін тасымалдауға шығындар, сондай-ақ онымен бірге көшкен отбасы мүшелерін қоса отырып, темір жол, су, автомобиль көлігіндегі жолақысы өтеледі. Қызмет бойынша орнын ауыстыру және жылжыту кезінде көтерме жәрдемақыға, көліктегі жолақысы үшін және меншікті мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 68. Көтерме жәрдемақы Тізбеде көзделген лауазымға тағайындалуына байланысты көшіп келген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне төленеді. Көтерме жәрдемақы қызметкер тағайындалған негізгі лауазым бойынша жалақыдан төленеді. Көтерме жәрдемақыны төлеу қызметкерді тағайындау туралы тиісті бұйрықта жазылады. 69. Қызметкердің жаңа қызмет орны бойынша тұрақты тұру үшін нақты көшіп келген ішкі істер органы қызметкерінің әрбір отбасы мүшесіне оның қызмет орнына отбасы мүшелері көшіп келген күнге негізгі лауазымы бойынша қызметкерге тиесілі жарты айлық ақшалай ұстау мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. 70. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көтерме жәрдемақы мынадай отбасы мүшелеріне төленеді: жұбайы (зайыбы), ерлi-зайыптылардың ортақ немесе бiрiнiң кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмiнде оқитын жиырма үш жасқа дейiнгi (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейiн мүгедек болған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедек балалары және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; қызметкердiң асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы. Асырауындағы адамдар ретiнде оның табысы есебiнен өмiр сүретiн және жеке табыс көзi жоқ қызметкердiң отбасы мүшелері танылады. Отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы төлеу кезінде жасы, мүгедектігі, асырап алу фактісі ішкі істер органы қызметкерінің жаңа қызмет орнына олардың келген күніне ескеріледі. 71. Отбасы мүшелеріне арналған көтерме жәрдемақы қызметкерлерге ішкі істер органының қаржы бөлінісіне мынадай құжаттарды ұсынған кезде төленеді: 1) ішкі істер органының кадр бөлінісі берген отбасы құрамы туралы анықтама; 2) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; 3) жиырма үш жасқа дейінгі адамның күндізгі оқу нысанында оқитыны туралы оқу орнының анықтамасы; 4) отбасында мүгедектік тобы бойынша он сегіз жасқа жетпеген мүгедек балалар болған жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектік туралы анықтама; 5) балаларды қорғау саласындағы уәкілетті органнан кәмелетке толмағанды қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама; 6) отбасы мүшелерінің адамы деп тану не қызметкермен бірге тұратыны туралы сот шешімінің көшірмесі. 16. Ішкі істер органдарынан босатылған кезде жүргізілетін төлемдер 72. Ішкі істер органдарынан босатылған қызметкерлерге: 1) қызметтен босатылған күнге лауазым атқарғандарға – қызметтен босату туралы бұйрықта көрсетілген қызметтен босатудың өткен күнінің күні бойынша немесе егер қызметтен босату күні көрсетілмесе қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойған күнге ақшалай ризық төленеді; 2) оқу орындардың курсанттары мен тыңдаушылары – оқу орындардың ауыспалы құрамының тізімінен алынған күн бойынша лауазымдық жалақы (шәкіртақы) төленеді; 3) қызметтен босатылған күнге ішкі істер органдарының қарамағында болғандарға – ақшалай ұстауды төлеу осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес қарамағында болу күні бойынша төленеді. 73. Қызметтен босатылатын қызметкерлерге біржолғы жәрдемақылар мынадай тәртіппен және мөлшерде: күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген және денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен босатылғандарға – үш айлық ақшалай ұстау; күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен босатылғандарға: он жылдан он бес жылға дейін – төрт айлық ақшалай ұстау; он бес жылдан жиырма жылға дейін – бес айлық ақшалай ұстау; жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін – алты айлық ақшалай ұстау; жиырма бес жылдан отыз жылға дейін – жеті айлық ақшалай ұстау; отыз жылдан асқандарға – сегіз айлық ақшалай ұстау төленеді. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңінде мемлекеттік наградалармен – ордендермен марапатталған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтен босатылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшері ақшалай ұстаудың екі жалақысына ұлғаяды. 74. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға күнтізбелік есептелген еңбек сіңірген жылдары қабылданады. Біржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазым бойынша төленетін лауазымдық жалақыға, қызметтен босатылған күнгі арнаулы атағы үшін қосымша ақыға қарай есептеледі. Құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке қабылданғаннан кейін қызметтен босатылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жәрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады. 75. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен босату кезінде біржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар ішкі істер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрам адамдарына, қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен босатылғандарға арнаулы атақтар үшін қосымша ақылары қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. Бұл ретте егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген ішкі істер органдарының басшы құрамы адамдарының арнаулы атақтары үшін қосымша ақыл