• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:52

Семейде терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды

10 рет
көрсетілді

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында онлайн платформалар арқылы терроризмді насихаттады деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі ел аумағында террористік деп танылып, оған тыйым салынған.

Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы сәуір аралығында айыпталушы TikTok әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ жекелеген азаматтармен жеке байланыс кезінде террористік мазмұндағы материалдарды таратқан. Бұл материалдарда зорлық-зомбылықты насихаттау және террористік әрекеттерді ақтау белгілері болған.

Сот шешімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Абай облысының прокуратурасы азаматтарды интернет кеңістігінде террористік және экстремистік сипаттағы материалдарды тарату, қайта жариялау немесе сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Сонымен қатар мұндай фактілер анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттаған азамат сотталды

Соңғы жаңалықтар