• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 16:58

Қазақстанда жыл сайын 80 мың ем алушы донорлық қан алады

10 рет
көрсетілді

Донорлық қан көмегінсіз қажетті ота мен медициналық көмек көрсету мүмкін емес. Сондықтан елімізде жыл сайын 80 мың ем алушы донорлық қан алады, деп жазады Egemen.kz.

Күн сайын бүкіл ел бойынша қан орталықтарына 1 000-ға дейін ерікті донор келіп, әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетеді.

Жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту ерекше маңызға ие. Былтыр елде 168 гемопоэздік жасушаларды, ағзаларды алмастыру үшін 10 мыңнан астам иммуногенетикалық зерттеулер жүргізілген.

2025 жылы еліміздің қан қызметі 250 мыңнан астам еріктіден қан алған.

Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды

Айта кетейк, елімізде қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артқан.

Жалпыұлттық әлеуметтік бастамаларды қолдау аясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын – өтеусіз қан донорлығы айы деп жариялап, министрдің өзі де қан тапсырды.

Соңғы жаңалықтар