Наурызнама Кеше

Бүгін – жаңару күні

72 рет
көрсетілді

Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркі дүниетанымында мәуелі бәйтеректің символикалық мәні ерекше. Ол үш әлемді байланыстырып тұрған портал. Тамыры – бабалар әлемі, діңгегі – біздің әлем, бұтақтары – тәңірлік әлемді сипаттайды. Бұл өз кезегінде тарих, бүгінгі күн және келешек деген үш ұстынды тұжырымдамаға негіз бола алады.

Сондықтан жаңару күні әрбір адам өткенін сараптап, бүгініне лайықты баға беріп, болашағын бағдарлағаны абзал. Себебі бұл өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктердің кезеңі.