Елорда 20 Наурыз, 2025

Ақсақалдар арасында бата беруден байқау өтті

95 рет
көрсетілді

Астанада Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Наурызнаманың он күндігі аясында «Ақ бата» байқауы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық мұрамызды ұлықтау мақсатында өткізілген байқауға елордалық 7 ақсақал қатысып, бірінші кезеңде батаның 7 түрі бойынша (наурыз бата, алғыс бата, отау бата, балаға бата, жолаушыға бата, ас бата, той бата) өнер көрсетсе, екінші кезеңде салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды 77 жастағы Мекебай Кәкенұлы, екінші орынды Айдарбек Қаржауұлы, үшінші орынды 77 жастағы Ратқан Әліпбаев жеңіп алды, белсене қатысқан қариялар Тастыбай Сәкенұлы, Ермек Хамзаұлы, Маманбай Рақметұлы, Қанат Сәлменұлы алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, көрерменмен «әкем үйреткен бата» айдары бойынша интерактив ұйымдастырылды. Қала тұрғындары да бата берудің құндылығы туралы пікірлерін білдіріп, жарыса бата берді. Кеш мерекелік концертпен жалғасты.