• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Сәуір, 2025

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды

67 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласында жеңіл автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағына шығып, екі адамды қағып кеткен. Салдарынан бір әйел оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 31 наурыз күні сағат 23:00 шамасында Бухар-Жырау даңғылында болған. Audi көлігінің жүргізушісі Дюсенбеков көшесіне қарай қозғалып, жылдамдықты асырып,  жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен.

«Жол апатының салдарынан бір әйел қаза тауып, екінші жаяу жүргінші, сондай-ақ көлік жүргізушісі мен жолаушы түрлі жарақаттармен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.