Оқиға 02 Сәуір, 2025

Құжатсыз ет сатқандар 5 млн айыппұл арқалаған

82 рет
көрсетілді

Наурыздың 11-31 күндері республика көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген, деп жазады Egemen.kz.

Аталған іс-шара шеңберінде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 2099 автокөлік, ет өнімдерін сататын 650 орын, 642 шаруа қожалықтары тексерілген.

Мал мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың 111, ал сатудың 23 фактісі анықталып, 134 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн теңгеден астам айыппұл салынған.