Елорда 02 Сәуір, 2025

Астанада жазғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады

106 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігі 5 сәуірден бастап Астанадағы Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жәрмеңке күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңкеде жергілікті, сондай-ақ Қазақстанның түрлі облыстарынан тауар өндірушілері жеткізген түрлі тауарлар ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.

Жұртшылыққа ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге № 2, 32, 49, 50, 73 автобус маршруттары қатынайды.

Айта кетейік, елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер де  бар, ол сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Жәрмеңке Сарыарқа ауданында, Нұрғиса Тілендиев даңғылы 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан.