ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында 22 жастағы офицер өлі күйінде табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, академияның түлегі әрі оқытушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Оның мәйіті 2 сәуір күні оқу орнының бір кабинетінен табылған.
Құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғаған.