АСТАНА. 11 ақпан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметттің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасында дағдарсы жоқ екенін айтты. Бұл туралы Bestnews.kz тілшісі Ақордадан хабарлады.
«Мен «Нұрлы жол» деп аталатын өткен жылғы Жолдауымда мақсаты елімізде іскерлік белсенділіктің өсуі үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым жасау болып табылатын жаңа экономикалық саясатты жарияладым. Біздің қазіргі экономикалық саясатымыздың бағыты дұрыс. Келеңсіздіктер - сыртқы нарықтың әсері. Қазақстан ішінде экономикалық дағдарыс жоқ. Біз қиындықтарды күтіп қарап отырмай, оның алдын алу үшін жедел шараларды қолға алдық. Оны халық біледі», - деді Елбасы.
Президенттің атап өтуінше, қолға алынған шаралардың ішінде нақты жоба, жоспарлар бар. Ол жоспарлар қатып қалған қасаң қағидалар емес.
«Ең жақсы жоспарлар заманға байланысты икемделіп, бейімделе білуі керек», - деді Н.Назарбаев.
Сәкен Майлыбай.