Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3085-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Мьянма мемлекеттік әкімшілік кеңесінің мәліметінше, зілзала салдарынан тағы 4715 адам жарақат алып, 341 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Еске салайық, Қытай жер сілкінісінің ұлттық орталығының (CENC) мәліметінше, 28 наурыз күні сағат 14:20-да Мьянмада (солтүстік ендік 21,85 градус, шығыс бойлық 95,95 градус) магнитудасы 7,9 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 30 шақырым тереңдікте орналасқан.
Бангкокта күшті жер сілкінісі салдарынан эвакуациялау шаралары жүргізіліп, көпқабатты үй құлады.
Таиланд премьер-министрі Бангкокқа «төтенше жағдай» жариялады.
Мьянмада зілзаладан зардап шеккен аймақтарда төтенше жағдай жарияланып, елдің премьер-министрі бір апталық ұлттық аза тұту жариялады.
2 сәуірде Мьянма жағалауында магнитудасы 5,0 болатын тағы бір жер сілкінісі болды.