• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Сәуір, 2025

Алматыда 7 жасар баланы көлік қағып кеткен

74 рет
көрсетілді

Бұл туралы Алматы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қайғылы оқиға сағат 15:30 шамасында болған. Жолдың рұқсат етілмеген тұсынан бала кесіп өтпекші болған екен.

«Jetour автокөлігінің жүргізушісі Байзақов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, 7 жасар баланы қағып кетті. Бала шығысқа қарай жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтіп бара жатқан. Соққыдан ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан Hyundai маркалы көлікке соғылған. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан бала сол жерде көз жұмды», деп хабарлады полиция өкілдері.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы ПД тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғаған.