АСТАНА, 11 ақпан. Билік ұлттық валюта бағамының күрт ауытқуына жол бермеу үшін қажет барлық шараларды қабылдайтын болады және ұлттық компаниялар мен қазақстандық холдингтерден шетелдік валютаны сату жолымен теңгені қолдауды сұрайды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде Астанада Үкіметтің кеңейтілген отырысында осыны айтты. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады.
«Жалпы холдингтер мен ұлттық компаниялардан қазақстандық валютаны біздің ақшамызды айырбастау жолымен қолдауды сұраймыз. Әрине, келісіп алу керек, қажеттілік сәттерін ескеру қажет, бұл кезең теңге үшін өте маңызды болатынын ескеру керек. Мен барлық ұлттық компанияларға айтып тұрмын. Қазақстан, әрине, теңгенің күрт ауытқуына жол бермеу үшін қажет барлық шараларды қабылдайтын болады. Әрине, біздің де мүддемізді ескеру керек, алайда, қазір бұны жеңіп шығу қажет. Біздің мүддеміз бар, ортақ мүдде бар», - деді мемлекет басшысы сәрсенбіде Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сәкен Майлыбай.