Мектеп 04 Сәуір, 2025

Теректіде жаңа мектеп ашылды

54 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының Теректі стансасында 80 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көптен күткен қуанышқа мектеп мұғалімдері, оқушылар ғана емес, ата-аналар да келді.

Білім ошағының салтанатты ашылуына облыс әкімі Дастан Рыспеков қатысып, құттықтады.

Мектеп қос қабаттан тұрады. Пән кабинеттері бүгінгі заман талабына сай қажетті оқу құралдармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін зертхана, кітапхана, спорт залы бар. 

Күзде жаңа оқу жылынан бастап мектеп ішінде 25 балаға арналған шағын орталық ашылады. Онда 3-6 жастағы балғындар білім алады.

Жаңа мектептің ашылғанына қуанған ұстаздар шәкірттерге сапалы білім беруде мол мүмкіндік ашылғанын жеткізді.