Оқиға 04 Сәуір, 2025

Даму банкі климаттық қаржыландыруды тарту жөнінде бастамасын ұсынды

125 рет
көрсетілді

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарушы директоры Дина Жаңаділ Орталық Азиядағы көміртексіздендіру және жаңартылатын энергия жөніндегі POWERTECH 2025 конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Декарбонизация жөніндегі жобаларға орнықты қаржыландыру және халықаралық инвестицияларды тарту мүмкіндіктері» атты халықаралық конференцияда Банктің орнықты даму саласындағы негізгі жетістіктері және климаттық қаржыландыруды тарту жөніндегі бастамалары ұсынылды.

«Аралас қаржыландыру ұлттық экономиканы декарбонизациялауды ынталандыруда, оның ішінде тұрақты дамуға бағытталған жеке инвестицияларды жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. ҚДБ негізгі қаржы операторы ретінде ұлттық орнықты жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан жеңілдікті климаттық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қарастырады»,   деп атап өтті Дина Жаңаділ.

Ол сонымен қатар қарыз алушылардың қызметіне ESG қағидаттарын енгізудің және декарбонизация бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.