Қылмыс 05 Сәуір, 2025

Екібастұзда мектеп стадионынан ер адамның мүрдесі табылды

120 рет
көрсетілді

Полиция оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, ер адамның өліміне қатысты жайттарды анықтауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұздағы №13 орта мектептің стадионынан ер адамның мүрдесі табылды. Жедел жәрдем қызметі ер адамның бойында тіршілік белгілері жоқ екенін нақтылаған.

- Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайтыс болған адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ер адамның өліміне қатысы болуы мүмкін жағдайлар анықталып жатыр. Өлімге не себеп болғаны тергеп-тексеру шараларынан соң белгілі болады,-деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Павлодар облысы